Қызметтеріңізге алғыс

242

Осыдан тура бір жыл бұрын Ұлттық ұлан әскерінің Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548әскери бөліміне шақыртылған сарбаздарға да өздерінің туған үйлеріне, ата – анасымен бауырларының ортасына оралатын сәтте келіп жетті.

Еліміздің түпкір – түпкірінен жиналған сарбаздар бір жыл бойы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінде қызмет атқарып, Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып, Отан алдындағы міндеттерін абыроймен аяқтады. Бүгінде сол жауынгерлерді 5548 әскери бөлімінің басшылығы саптық алаңда салтанатты түрде шығарып салды.

Іс-шара барысында сарбаздарға Жаңаөзен қаласы әкімінің, Полиция басқармасы басшысының, әскери бөлім командирінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

      Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қорғау, бойында Отансүйгіштік қасиеті мен патриоттық сезімі бар нағыз ер азаматтардың ісі.  Мен әскер қатарына келіп өз Отан алдындағы борышымды атқару барысында әскерден көріп, біліп, үйренгенім көп. Әскерге келіп жаңа достар тауып бір үйдің балдарындай болып кеттік. Әскерге бару арқылы тазалықты, ұқыптылықты, жауапкершілік пен шыдамдылықты үйрендім. Әрине өзімнің туған жеріме барып ата-анамды,  достарымды көруге асығып тұрмын бірақ – та бір жыл бойы бір үйдің балаларындай болып кеткен қарулас жолдастармен қоштасу өте қиын екен, – деді қатардағы  Мадияр Саматов.

Капитан, Ертуған Әубәкір

Алдыңғы пост
Интимдік қызмет көрсетіп қана қоймай, өзгенің қалтасына қол сұққан
Келесі пост
Мектеп оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu