357
Семейде мысықты жазалаймын деп өлтіріп алған жас жігіттің қандай жаза өтеп жүргені белгілі болды. Айта кетейік, 26 жастағы ер азамат түн ортасында пәтерден темекі шегу үшін подъездің кіреберіс алаңына шыққан. Темекі шегіп тұрып баспалдақты бүлдірген мысықты көрген. Ашуланған ол мысықты жазаламақ болған. Алайда мысық қашып кеткен. Артынан қуып ұстап алып, оны тепкілеп өлтіріп тастаған. Polisia.kz жазуынша, оқиға подъездегі бақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, мысықтың иесінен, яғни жәбірленушіден кешірім сұрады. Мысықты жазаламақ болған жас жігіт 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация есебіне алынған. Бүгінгі күні сотталушы Семей көшелерін тазалап, жазасын өтеп жүр.