Ел қорғаған әскердің иманды, рухы асқақ, мұраттары биік болуы – ел қауіпсіздігінің кепілі. Әскер сарбаздарының рухани қажеттіліктерін өтеумақсатында, арнайы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөліміне белгілі дін танушы теолог Нұрлан Байжігітұлы ат басын тіреді. Нұрлан имам сарбаздармен, офицерлермен және келісім-шартқызметкерлерімен қызықты сұхбат өткізді. Кездесу барысында Н. Байжігітұлы елімізде тиым салынғанжәне аса қауіпті ағымдар жайлы мол ақпарат берді. Сонымен қатар әлем бойынша кең етек алып бара жатқан суицид дерті жайлы әңгіме қозғалып, аталмыш қайғылы іс, әскер арасында да таралыпжатқандығы туралы да сөз қозғалып, ол туралышариғи көзқарас жеткізілді. Жиын соңында әскерилер өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарыналды.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.