355
Француз императоры І Наполеон Бонапарттың қалпағы 1 932 000 еуроға сатылып рекорд орнатты. Бұл туралы Osenat аукцион үйі мәлімдеген.
Аукцион үйі сайтындағы ақпарат бойынша, әуелде лот 600-800 еуроға бағаланған. Киізден жасалған бас киім, Жан Луи Нуазье топтамасындағы Наполеон заттарының ішінде ең қымбатқа сатылғаны.
Айта кетейік, бұл қалпақ шамамен 1810 жылдан бері сақталып келеді.