329
Мәжіліс өкілдерінің сөзіне сенсек, оқу барысында бала сабақ оқуы керек. Себебі телефон бұл процеске кедергі келтіреді.
«Ұстаздармен болған кездесулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына қатысты. Телефонға тыйым салуға заңнамада нақты шектеу жоқ. Осыған орай, жобаға сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да енгізілді», – деді депутат Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар Қазақстанда жетім балалардың тәрбиесіне арналған жаңа тәлімгерлік институты енгізілмек.