Оқушылар сарайында үйірмелер жұмысын бастады

542

Жуырда пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін алғашқы шәкірттерін қабылдап, үйірмелер жұмысын бастады. Үйірмелер 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша – 609, ғылыми-техникалық бағытта – 108, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында – 132, өнер және музыкалық бағытта –128, көркем-эстетикалық бағытта – 66 оқушы қабылданды.

Бүгіннен бастап тағы 15 үйірме сайтқа енгізілуде. Олар: гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері.

Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника, lego құрылысы, химия.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.

Өнер және музыкалық бағыт бойынша 8 атап айтқанда, домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка үйірмелері жұмыс істейді.

Көркем-эстетикалық бағыт бойынша 3 – ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қала күніне орай қолданысқа берілді. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашады. Сән-салтанаты келіскен әсем ғимаратта оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді үйлестіре отырып, қарым-қабылетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Яғни, бір уақытта 500 бала шығармашылықпен айналыса алады. Мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен, жоба бойынша күніне 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.

“2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашады” – деді М. Дүйсенбекұлы.

Алдыңғы пост
“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының 1-ші кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
Келесі пост
Ынтымақ шағын ауданы тұрғындары келесі жылы табиғи газбен қамтылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu