Ынтымақ шағын ауданы тұрғындары келесі жылы табиғи газбен қамтылады

195

Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы  құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда.  Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да  газдандыру құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов  аталған елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың  әзірге 10%-н атқарды.

Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы  15 255,36 м3/сағ құрайды. Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады. Өдірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Бұған дейін Асар-2 тұрғын алабында табиғи газ құбыры іске қосылған болатын. Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар -2 тұрғын алабының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы  24 шақырымдық  құбыр жүргізіліп,  нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта жергілікті халық  “ҚазТрансГазАймақ” акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады.

Айта кетейік, биыл шымкентте 6 елдімекен  табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен елдімекендерді табиғи газбен қамту және даму перспективасы талқыланған арнайы жиында айтылды. Бүгінде қала аумағындағы 7 251   шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту  бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ  тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін 51 шақырым  газ құбыры қалпына келтірілді. Жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында  2 магистральды желінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ биыл  Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Арғымақ, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Алдыңғы пост
Оқушылар сарайында үйірмелер жұмысын бастады
Келесі пост
Су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары 65%-ға орындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu