Павлодарда үй өртеніп, жасөспірім бала көз жұмды

274

Павлодар облысы ТЖД-ның мәліметі бойынша, Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп, 1 бала қайтыс болды.

Дағдарыс орталығына хабарлама түнгі сағат 02:58-де түскен. Оқиға орнына лезде жеткен мамандар, үйдің шатыры, ондағы заттар мен жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр.

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін учаскелік полицей мен көрші 2013 жылы туған баланы және ер адамды (үй иесінің ағасы) құтқарып үлгерген. Облыстық ТЖД мәліметінше, үйде 6 адам болған. 3 адам (әйелі мен күйеуі, әже) өз күшімен жанып жатқан үйден шыққан.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Алдыңғы пост
Қайрат Сатыбалды тағыда күдікке ілінді
Келесі пост
Шымкент: Тұрақты жұмысы бар 800-ден аса жас баспаналы болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu