Шымкентте суға батып кеткен екі баланың денесі табылды

Теги: , , ,
359

Шымкентте мектеп жасындағы екі бала суға батып кеткен. Қайтыс болғандардың екеуі де ересектердің қарауынсыз болған.

Қалалық ТЖД мәліметінше, дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына “103” қызметінен 5 тамызда сағат 13.15-те  Геологтар саяжайында Новостройка көшесіндегі жазатайым оқиға туралы ақпарат  келіп түскен.  Суару каналында туысы  суға түсіп, суға батып кеткен 2021 жылы туған баланың мәйітін тауып, судан алып шығарған. Бала ата-анасының қарауынсыз болған. Суару каналының тереңдігі – 50 см, ені – 1,5 м.

Екінші жазатайым оқиға туралы ақпарат 7 тамызда сағат 15.20-да “103” қызметінен келіп түскен. Алматы тас жолы бойында қалалық тазарту жүйесінде (науа) өтіп бара жатқан адамдар 2022 жылы туған қыздың мәйітін тапты. Тазарту жүйесінің тереңдігі – 40 см, ені – 1 м.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада жеке үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда болған 7 жазатайым оқиға тіркелді. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз болған.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс орналастыру шаралары пысықталып жатыр
Келесі пост
Мектепке қажетті кеңсе тауарларының бағасы 64,4%-ға қымбаттады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu