377
Кезекшілікте жүрген Шымкенттік инспекторларға 4 қабаттың терезесінде отырған жас қыз туралы шұғыл ақпарат жеткен. Оқиға орнына жол тартқан құзырлы орган өкілдері жетіп, тиісті шараларды жүзеге асырған.
Тәртіп сақшылары көпқабатты үй кіреберісінің терезесіндегі қызды байқап, оның өміріне араша түсуге жедел шара қабылдады.
Екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тарта бастады. Осы уақытта қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, қажетті қабатқа көтерілді. Қыздың назары ауғанын пайдаланып, полицейлер оны ішке қауіпсіз жерге тартып алды.