269
Ақмола облысында казиноның заңгеріне сот үкімі шықты. Бурабай аудандық сотының үкімімен ол елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған жиырма есе мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды.
Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.