ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Шымкент қаласына келіп, «Тең қоғам» әлеуметтік қорғау орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті. Олардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, көкейдегі ұсыныс, сауаладарын тыңдады. Жиын барысында ерекше жандар саладағы министрлік тарапынан өзгертулерді талап ететін өзекті мәселелерді қозғады. Әсіресе, мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін әлеуметтік, медициналық заттар мен олардың сапасы, бейіні және қолдану ұзақтығына қатысты кереғар жағдайларды талқылады. Осы ретте министрге ыстық лебізін білдірген азаматтарда табылды. Олардың бірі, журналист Бақытжан Көпбаев. «Біз сізді жақсы көреміз. Е-өтініш үшін улкен рахмет !» – деді.
Айта кету керек, әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж жандарға арнаулы тауар мен қызметтерді, сондай-ақ қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар, әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де беріледі. Бұл туралы үшінші мегаполиске іссапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Бұл елімізде алғаш рет қолға алынып отырған жоба. Негізінен ерекше күтімді қаждет ететін адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр деп сөзін түйіндеді. Сонымен қатар, министр,
«Мүгедек болатын азаматтарды да бір органнан екінші органға жүргізбестен, цифрлық технологиялық қолдану арқылы бір қағидатты тереземен емханаға барып, сол жерден қажетті ақпараттың барлығын сол емханадан алып отыратын болады. Басқа бір де бір органға бара алмайды. Бұрынғыдай әр мемлекеттік органға жүгінбестен, егер де әлеуметтік статусы тура келіп жатқан болса, мәселен, мүмкіндігі шектеулі азамат болатын болса немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар отбасы болса немесе зейнеткер болса оның телефонына келеді хабарлама» -деп отыр.
Жалпы, шымқалада мемлекет басшысының тапсырмалары тыңғылықты орындалуда. Мұның бірден-бір дәлелі осы. Өйткені соңғы кезде үшінші мегаполиске шенді азаматтар жиі келіп, халықтың әл-ауқаты, тыныс-тіршілігімен бөлісуде.