Рөлде отырып ұйықтап кеткен такси жүргізушісі полиция көлігіне соқтығысты

185

Павлодарда көлік жүргізушісі рөлде отырып ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты. Оқиға 11 мамырда Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында болған.

«Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары:  Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді» деп атап өтті полициядан.

Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рөлде ұйықтап кеткен. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.

Алдыңғы пост
7 жыл бойы іздеуде жүрген өзбекстандық Шымкентте ұсталды
Келесі пост
Автобус жүргізушілері 900-ге жуық жол ережесін бұзған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu