Құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарланған

201

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен қала халқының ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бой көтеруде. Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектарды құрайды.

«Аймар құс» аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 млрд.теңге. Жоба бойынша 1-ші кезеңде 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 млн.дана жұмыртқа өндірілу керек.

Қазіргі уақытта тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай  және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған.

Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылатын болады. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлауда.

“Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн.  метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.

Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.Айта кетейік, “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.

Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.

Жалпы алғанда биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге.

Алдыңғы пост
Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынуда
Келесі пост
Ақшадан қысылған Қазақстан азаматы ағзасын шетелде сатпақ болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu