330
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйден үш адамның мәйіті табылды. Оқиға 6 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка елдімекенінде болған. Мәйіттерді марқұмдардың туыстары тапқан. Отбасының төртінші мүшесі ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар пештегі улы газдан иіс тиіп мерт болған.
Қайтыс болған екі әйелдің біреуі 57 жаста, екіншісі – 35-те. Ал үшіншісі үй иесі – ер адам 62 жаста болған.