Сайлау — ел болашағын айқындайтын саяси науқан

429

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – еліміздің болашақтағы дамуына тың серпін беретін саяси науқан. Шымкент қаласы Абай ауданы Тұлпар шағын ауданында орналасқан № 218 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов осылай деді.

—Мен өзім Парламент Мәжілісінде депутаттық қызмет атқарғанмын. Сондықтан бұл орган қызметінің қаншалықты күрделі, жауапты әрі маңызды екенін жақсы түсінемін. Парламент сапалы заңдар шығару арқылы және Үкіметтің қызметін қадағалап,  халықтың атынан есеп алып отыру арқылы ел дамуына серпін береді.  Сол себепті әрбір азамат бүгінгі сайлауға белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасаған жөн, — деді Ш.Мырзахметов.

Оның айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттардың жаңарған құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартатын, азаматтардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әділетті қоғам орнатуға ықпал ететін заңдар қабылдауы тиіс.

«Шымкент келбеті»

Алдыңғы пост
Шымкентте 100-ге келген кейуана дауыс берді
Келесі пост
Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келіп дауыс берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu