Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежіне қатысты 5 жүргізуші жауапқа тартылды

Теги: , , ,
387

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген Түркістан қаласының тәртіп сақшылары көрші аудандағы мектеп түлектерінің қатысуымен болған автокөліктер  кортежін анықтады.

Қабылданған шаралар барысында жүргізушілердің жеке басын анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“BMW” және “ВАЗ” автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі және 606-бабы  1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушылардың көліктері айыптұраққа қойылды» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Сонымен қатар Қазығұрт және Сарыағаш аудандық полиция бөлімдерінің полицейлері әлеуметтік желілердегі бейнежазбада анықталған тағы бір кортежді анықтау мақсатында, жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, көлік құралдары айыптұраққа қойылды. Полицейлер “Hery Tiggo 7”, “Lada 21705” және “Lada 2115” көліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің  590-бабы 5-бөлігі және 9-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Сондай-ақ құқық бұзушылар мен жасөспірімдерге  профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Алдыңғы пост
Шымкентте 6 жасар баланы аман алып қалған оқушылар марапатталды
Келесі пост
Шымкентте мектептер аумағындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu