Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Шаңырақ” ипотекалық бағыты бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023ж. бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.
«Шаңырақ»
бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.
Нысандар «Шымкент қаласы,”Тұран” шағын ауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.
Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..
Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде “Бақытты отбасы” бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы “Қолжетімді баспана” бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады.
Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар.Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта шілде айында тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек реттілігінің тікелей жылжуы арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады.