Үшінші мегаполисте құрылыс материалдары шығарыла бастайды

256

Германиядан келген инвесторлармен бірлесіп құрылыс материалдарын өндіру бойынша индустриялық инновациялық парк, атап айтқанда, газбетон блоктары, талшықты цемент плиталары және құрғақ құрылыс қоспалары зауыты, шыны ыдыстарды өндіру және құрылыс материалдарын шығару жөніндегі кәсіпорын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент панорамасы.
Қытайдан келген инвесторлар келісімшарт шеңберінде Шымкентке жергілікті компания үшін 200 мың шаршы метр табақ шыны жеткізуді, сондай-ақ керамикалық плиткалар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 33 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Шымкент панорамасы.

Үшінші мегаполисте құны 500 миллион теңге болатын тоқыма емес мата шығаратын зауыт салынады. Кәсіпорын “Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағында инвестициялық преференциялардың барлық түрлерін алады.

3 миллиард теңгеге ABC “Greenfield” индустриялық паркі салынады. Жоба микро, шағын және орта бизнес субъектілерін өндірістік қызмет үшін дайын үй-жайлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкентте электромобильдерді сатуды ұйымдастыру және зарядтау станцияларының желілеріне қызмет көрсету жөніндегі жоба жүзеге асырылады, құрамында мұнай бар қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу, Темірлан тас жолы бойынша “Turkistan” МЖК салу жоспарлануда.

Ірі инвестициялық жобалардан басқа, Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері табысты жұмыс істеуде. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 118 мыңды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ШОБ санының өсуі 151,8% -. құрады.

Жұмыспен қамтылған шымкенттіктер саны да өсті. 2022 жылдың тоғыз айында ол 198,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9% – ға өсті. Осы кезеңде ШОБ субъектілері 1 307,2 млрд теңгеге өнім шығарды. Өсім 105,5% құрады.
2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40,7% -. құрады.
Өткен жылы “Бизнестің жол картасы”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламаларын, “Іскер қала”өңірлік бағдарламасын іске асыруға 15,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға 4 891 жобаға қолдау көрсетілді.

2023 жылы “Бизнестің жол картасы” (қазіргі “кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы”) және “Іскер қала” бағдарламаларын іске асыруға 16,3 млрд.теңге қарастырылған. Осы бағдарламалар аясында 1477 жобаны қолдау жоспарлануда.

Алдыңғы пост
«Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйерлері төбелесіп қалды
Келесі пост
Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көпқабатты үйді жарып жібермек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu