Үшінші мегаполисте жол қауіпсіздігін күшейту жұмыстары қала әкімнің бақылауында

612

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша арнайы жиын өткізді. Осы бағытта атқарылған жұмыстарды пысықтап, кейбір жауаптыларға тапсырма берді. Басқосуда Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Абдраманов пен Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Қоқанбаев баяндама жасап, қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877,  200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.

Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстармен, өзекті мәселелермен жіті танысып,  жауаптыларға қауіпсіздікті күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

“Екі апта ішінде қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 жылдық жоспар әзірлеңіздер. Бұл мақсатқа қаралатын қаржыны нақтылап, басым бағыттарды анықтау қажет. Полиция департаменті өкілдері мен аудан әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып,  мәселелерді жан-жақты пысықтап, бекітілген мерзімде кешенді жоспардың таныстырылымын жасаңыздар” – деді қала әкімі.

Айта кету керек, қазіргі таңда, күйбең тіршіліктің аясында жүргендердің кейбірі кез-келген жерде сауда жасауда. Ал, мұны толық қанды жою үшін құқыққорғау қызметкерлеріне аянбай еңбек ету керек. Сондықтан,  Мұрат Дүйсенбекұлы жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жойып, жолдарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды ескертті. Жаяу жүргіншілер жиі өтетін өтпелдерге бағдаршам орнатуды, жол  белгілерін көруге кедергі жасайтын жасыл желектерді ретке келтіруді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдан бастап, қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызыла бастаған еді. Айта кетейік, жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы бар емдеу орталықтары, мектеп, балабақша секілді  мекемелердің аумағына орнатылады. Әсіресе, шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті
Келесі пост
Шымкентте балалар мен жасөспірімдерге тәрбие берумен кім айналысады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu