Штаб отырысында инвестициялық 9 жоба ұсынылды

319

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалу барысы және алдағы айлардың жоспары туралы болды.

Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге.

Бүгінгі штаб отырысында 9 жоба ұсынылды. Олардың қатарында led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар. Жобалар «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалдық аймағында орналасады.

Бұған дейін де алдын-ала, қала әкімі  Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаланың инвестициялық штаб отырысы өткізілген болатын.  Сол жиында  қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілгенң айтылған болатын. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында.   

Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын.  Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі.

Сондықтан Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтып, басқарма басшыларына жер және инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды жүктеді.

Айта кетейік, “Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн.  метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады. Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Елімізде тағы 3 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылуы мүмкін
Келесі пост
Сауда орталығындағы дау. Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu