Құрметті қала тұрғындары!
Ардақты ағайын!
Қазақ халқында «Қайғыны бөліссең ғана жеңілдейді» дейтін аталы сөз бар. Бауырлас Түркия елінде орын алған табиғи апат жанымызға батып, қабырғамызды қайыстырды. Туысқан жұртта мыңдаған отбасы қара жамылып, орны толмас қазаға ұшырады, сан мыңдаған бауырларымыздың баспанасы қирап қиын күндерді бастан кешуде.
Осынау сын сағатта әлем елдері зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға құтқарушыларын жіберіп, адамгершіліктің үздік дәстүрін жалғауға барын салуда. Оның ішінде Қазақстан Республикасының құтқарушылар тобы да Түркияға аттанып, қайғы ортасында қалған ағайынға қол ұшын созуда.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мырзамен байланыста болып, қазақстандықтардың түркиялық бауырларына қолдауын жеткізді.
Қадірлі шымкенттіктер!
Төл қаламыз Шымкентті Түркиямен мығым бауырластық байланыс біріктіреді. Бізді іскерлік, мәдени-гуманитарлық әріптестік, білім, денсаулық сақтау, туризм, тағы басқа салалардағы стратегиялық серіктестік байланыстар біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырады.
Шымкент Түркияның Стамбул, Измир, Адана, Эскишехир қалаларымен бауырлас қала санатында. Шаһарамызда Түркияның құрметті консулдығы қызмет атқарады. Қаламыздың Түркия мемлекетімен бекем бауырластығы, терең татулығы бізге, шымкенттіктерге, осынау қиын күндерде ағайынның жанынан табылуға үндейді.
Шымкент қаласының қоғамдастық өкілдері азаматтық бастама көтере отырып, Түркияға көмек көрсетуді қолға алуда. Бұл бағытта қаламызда еріктілер штабы құрылғанын хабарлаймыз (қаржылай көмек үшін).
Штаб төрағасы – Құрбаниязов Дәуренбек Амангелдіұлы, «Шымкент қайрымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының төрағасы. Тел: 8 701 500 73 96;
Штаб төрағасының орынбасары – Асанов Латипша Каймаханович, Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, Түркия Республикасының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Құрметті Бас Консулы. Тел: 8 702 711 1178
РЕКВИЗИТІ:
«Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі ЕБ» АҚ-ның Шымкент филиалы
Клиеттің аты-жөні: Курбанов Агапаша Гулалиевич
ИИК: KZ95885302204L1PKE00 (KZT)
Карта номері: 5167 7800 5926 0419
(карталық шот: KZ59885302204V8RTC00)
ЖСН (ИНН) 670425301691
Мобильды аударымдар үшін Kaspi bank 8 701 494 16 26 (Агапаша К)
БАНК РЕКВИЗИТІ:
Теңгемен есеп айырысуға:
Банк атауы: ШФ АО «ДБ «КЗИ Банк»
БИК: KZIBKZKA;
Шымкент филиалының мекен-жайы: Шымкент қ, Д.Қонаев даңғылы, 59
Валютамен есеп айырысуға:
Банк атауы: JCS SB KZI BANK Shymkent branch
SWIFT: KZIBKZKA