Шымкент: білім саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер

167

Мемлекет басшысының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде қалада 2025 жылға дейін 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 12-нің құрылысы басталды. Қала көлемінде биыл 18 500 орынға арналған 18 мектеп пайдалануға тапсырылады.

Биыл үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Жаңа оқу жылында 600 орындық жаңа білім ғимараттары пайдалануға берілді. ҰБТ қорытындысы бойынша түлектердің 85 пайызы мемлекеттік грантқа ие болды. Жаңа оқу жылында қалада 28 мыңнан астам бала 1-сынып табылдырығын аттап отыр.

Соңғы жылдары мегаполис аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтіп отыр. Қалада жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқан.

Айта кету керек, биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары Сайрам,  Базарқақпа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Осыған орай, қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы  «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.

“Астана” мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі  3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат  заманауи үлгіде бой көтеруде.

Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елдімекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Ал жалпы алғанда, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 37 700 орындық 25 мектептің құрылысы қарастырылған. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Алдыңғы пост
Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті
Келесі пост
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет – мемлекет басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu