Шымкент әкімі: «Мектептер түгелдей жылдам интернетпен қамтылу керек»

374

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы барлық білім ғимараттары толықтай жылдам интернетпен қамтамасыз етілуі қажеттігін тапсырды. Бұл туралы шаһар басшысының төрағалығымен өткен арнайы жиында айтылды.

Басқосуда “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.

Алдағы жылы қалада 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.

Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды

инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы да талқыланды.

Қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” – деді қала әкімі.

   

Сондай-ақ шаһар басшысы халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті.  Басқарма басшыларына құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдарын цифрландыру жұмыстарының қарқыны артқан. Қазіргі таңда 100 мектептегі интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.

Еске салсақ, бұған дейін білім беру жүйесін дамыту жөніндегі «Жол картасы» аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетіні белгілі болған еді. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды.    

Жалпы қаладағы оқу орындарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарып келеді. 141 мектепке 320 интерактивті панель, химия және биология кабинеттері сатып алынды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72%-дан  85%-ға өсті. Сонымен қатар төрт мектеп аумағында типтік спорт алаңдары салына бастады. №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің соңғы үлгідегі қосымша құрылысы да маусым айында бітеді.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталды
Келесі пост
ХҚКО-ларда жылжымайтын мүлік бойынша қызметтер уақытша тоқтатылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu