Шымкент әкімі: “Шымкентті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс 2025 жылы шешілетін болады”

Теги: ,
507

Шымкент әкімі Әл—Фараби ауданының тұрғындарына есеп береді. Мегаполис басшысы жетістіктер туралы ғана емес, жақын арада шешілетін мәселелер туралы да айтады.

Өзекті мәселелердің қатарында қоқыс, су және жолдар бар. Тұрғындар әкімнен өзекті мәселелерді жақын арада шешуді сұрайды.
Кездесу басталар алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атап өткендей, шенеуніктер қала тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап береді.

Шымкентті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 2025 жылы шешілетін болады. Бұл туралы қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде хабарлады. Оған 300 – ден астам адам-аудан тұрғындары, басқарма басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру кездесуі әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қала басшысы әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысы туралы хабардар етті. Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ол есепті кезеңде оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті.

“Қаланы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылы шешілетін болады. Кәріз жүйесімен қамту 75 пайызды құрайды. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін проблемалары инфрақұрылымға байланысты. Аудандарда қоғамдық бақылау кеңестері құрылды және тұрақты жұмыс істейді. Бұл жұмыс жалғасады”, – деді әкім.

Әл-Фараби ауданының басшысы Рашид Мыңбаев биылғы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді.

Қала әкімі әр тұрғынды тыңдап, тиісті салалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, Инфрақұрылым, балалар ойын алаңдары, қоқыс шығару, заңсыз құрылыс салаларында 30-дан астам сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері қала басшысы 125 кездесу өткізді, көтерілген 1020 мәселенің әрқайсысы жеке хаттамаға енгізілді, оның орындалуы ерекше бақылауға алынды. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық мәселе шешілді, 377-сі жыл соңына дейін шешіледі, ал 195-і 2023-2025 жылдарға арналған жоспарға енгізіледі.

Тоғыз айда 12 рет жеке қабылдау өткізіліп, онда 1200-ден астам азаматтың сұрақтары тыңдалды. 2341 сұрақтың 760-ы нақты шешімдер тапты, 1476-сы орындалады, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.

Кездесу соңында Мұрат Әйтенов хаттамаға енгізілген мәселелерді шешу бойынша заң аясында жан-жақты жұмыс жүргізілетінін атап өтіп, қоғамдық мәселелерді шешуде белсенділік танытқан тұрғындарға алғысын білдірді.

Алдыңғы пост
​Корей этносының мәдениеті күні аталып өтті
Келесі пост
Күзгі шақыру: кім? Қайда? Қалай? Қашан?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu