Шымкент: мектеп және колледж тәрбиешілерінің, педагогтарының жалақысы 25% – ға артады

188

Үкіметте бюджеттік және квазимемлекеттік салалар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының кірістері талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік және квазимемлекеттік салалар қызметкерлерінің жекелеген санаттарының табысы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің және “Самұрық-Қазына” қорының өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасының орындалу барысын, сондай-ақ Қор компаниялары тобы бойынша жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыруды көздейтін бизнес-жоспарларды қалыптастыруды талқылады.

Талқылауды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер педагогтарының, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25% – ға артады. Бұл туралы Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы 2020 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын 25% – ға, 2022 жылғы қаңтарда тағы 25% – ға өскенін еске саламыз. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

“Президенттің қолдауымен жүзеге асырылатын мұғалімдердің жалақысының жыл сайынғы өсуі оң нәтиже береді. Педагог мамандығына мектептердің үздік түлектері келе бастады. Оқуға түсушілердің ҰБТ-ның орташа балы едәуір өсті және педагогикалық мамандықтарға түсетін “Алтын белгі” иегерлерінің саны бірнеше есе өсті. 2023 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% – ға артады. Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30 – дан 50% – на дейін), магистр дәрежесі үшін, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар”, – деп хабарлады ҚР ПМ қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің болуына, жұмыс өтіліне, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін ай сайынғы қосымша ақылар қарастырылған.

Алдыңғы пост
Қызылордада 82 жастағы қария жалғыз өзі 2 млн түп ағаш еккен
Келесі пост
​Солтүстік Қазақстандағы түрмеде төбелес болып, бір жазасын өтеуші көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu