Шымкент ұн тартқыштары өз өнімдерін шектеусіз экспорттай алады

355

Ведомствоаралық комиссия шешімімен астық пен ұнды әкетуге шектеулер алынып тасталды, малды әкетуге квоталар белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Шымкент пен Түркістан облысында тәулігіне 4,5 -5 мың астық өңдейтін 25-ке жуық диірмен тұрақты жұмыс істейді. Бұл елдің жеті аймағын қамтамасыз ету үшін жеткілікті (шамамен 6-7 миллион адам). Осыған байланысты ұн тартушылар сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға (ВАК) қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын асыға күтті.

Комиссия отырысы 2022 жылғы 31 Тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өтті. Отырыста астық пен ұнды әкетуге шектеулерді алып тастау және ірі қара мен ұсақ малды әкетуге квота белгілеу жөнінде шешімдер қабылданды.

ВАК отырысында айтылған ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда дәнді дақылдардың жақсы өнімі күтілуде. Биыл 13 млн тоннадан астам бидай жинау жоспарлануда, бұл өткен жылғы өнімнен 12% – ға артық.  Ішкі тұтыну үшін шамамен 6,5 млн тонна қажет. Мүдделі мемлекеттік органдардың, “Атамекен” ҚР ҰКП, астық одағының, астық өңдеушілер одағының өкілдерімен, Шопан-Ата ұлттық агроөнеркәсіптік қозғалысының басшысымен бидай мен меслин, бидай ұнын әкетуге сандық шектеулерді (квоталарды) алып тастаудың орындылығын жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ АШМ болжамды деректері негізінде астық пен ұнды әкетуге шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды 2022 жылғы 10 қыркүйектен бастап. Естеріңізге сала кетейік, бұл шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2022 жылдың 8 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін енгізілген болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық экспорты мониторингін жүргізу және астық пен ұн экспортын одан әрі реттеу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Сондай-ақ, отырыс барысында аналық мал басын қоспағанда, ірі қара мен ұсақ малды әкетуге сандық шектеу (квота) белгілеу мақұлданды.

Статистика мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 1 тамызында ірі қара малдың саны 9,4 млн басты құрайды, оның ішінде — 4,5 млн бас сиыр, ұрпағы 3,2 млн басты құрады.

Бұқашықтарды әкетуге 60 мың бас немесе жалпы санның 9%, сондай-ақ 120 мың бас қой немесе жалпы санның 10% мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды.

2022 жылдың 21 қаңтары мен 21 шілдесі аралығында ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салынды.

Алдыңғы пост
Елімізде математика, физика, химия пәнінің мұғалімдері тапшы
Келесі пост
«Мазақ қылғандары ма?» Әскердегі сарбаздар мультфильм тамашалап жүр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu