«Мазақ қылғандары ма?» Әскердегі сарбаздар мультфильм тамашалап жүр

Теги:
256

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға демалыс уақытында мультфильм қосып бергендер көптің ашуын тудырды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода бір топ сарбаз теледидар экранына тапжылмай қарап отырады. Онда «Маша және аю» мультфильмі көрсетіліп тұр.

Жауынгерлердің бейнежазбасы желі қолданушыларының ызасын келтірді.

«Тым болмағанда батырлар туралы мультфильм қосып қоймаған ба?», «Қазақ идеологиясын, рухын көтеретін кино ма немесе бағдарлама қоймай ма? Небір тарихи туындылар жетерлік қой бізде», «Қазіргі армияны балабақша дейтіндер осы үшін айтқан шығар», «Мазақ қылғандары ма? Кішкентай балалар емес қой», «Таза балабақша, әскер деп айтуға ауыз бармайды», «Мультиктен басқа көретін ешнәрсе таппаған ба?» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Шымкент ұн тартқыштары өз өнімдерін шектеусіз экспорттай алады
Келесі пост
Жаңа мектептер салу үкімет пен әкімдердің басты міндетінің бірі болуы керек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu