Шымкентте 1 195 азамат қайтарымсыз грант алып, бизнес бастады

Теги: , , , ,
Шымкентте 1 195 азамат қайтарымсыз грант алып, бизнес бастады
401

Биыл Шымкент қаласында бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 1 195 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Олардың басым бөлігі жылқы, ешкі шаруашылығы, тігін цехы, бөдене өсіру, кондитер өнімдерін дайындау, сұлулық салонын ашу сияқты кәсіп түрлерін дамытуды қолға алған.

Бұл мүмкіндік еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып, жастар, көпбалалы аналар, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасылар сынды санаттар бойынша берілген еді.

Шымкент қаласының тұрғыны Жадыра Божаева – 6 баланың анасы. Ол бала күнінен қолөнерге қызығып, тігінмен айналысқан. Қазір көп балалы ана, мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ісмер ана, өткен жылы мемлекеттен берілген қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, тігін машинасын сатып алған. Қазіргі уақытта құрақ көрпе мен қыз жасауына тапсырыс қабылдап, шағын кәсібін дөңгелетіп келеді.

«Екі апта онлайн курстан өттім. Кейін бизнес-жоспарымды әзірлеп, сертификат алдым. Арнайы құрылған комиссия алдында жобамды сәтті қорғап, 583 400 теңге қайтарымсыз грантты ұтып алдым. Мемлекет берген қаражатқа тігін машинасын сатып алдым. Қазіргі кезде тапсырыспен құрақ көрпелерді тігумен айналысудамын. Ағайын-туыс, көршілерім маған жүгінеді. Болашақта өз орталығымды ашып, көпке пайдамды тигізсем»,- дейді Жадыра Божаева.

Алдыңғы пост
Шымкентте полиция қызметкерлері президент Қ. Тоқаевтан көмек сұрауда
Келесі пост
Шымкенттік аналар үйден шықпай-ақ табыс табуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu