Шымкентте 20-дан астам оқу орталығы жұмыссыз азаматтарды тегін оқытады

114

Шымкентте жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес қыркүйек айынан бастап 24 оқу орталығы 1500-ден астам  жұмыссыз азаматты тегін оқытады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту “Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы” аясында жүзеге асырылады. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыссыз азаматтарға  сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісім-шарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың төрағалығымен өткен  комиссия отырысында  оқу ұйымдарында түрлі мамандықтар бойынша оқытып, жұмыс күшімен қамтамасыз етуді өтінген 60-тан астам жұмыс беруші мекеменің  талапқа сәйкестіктері сараланды. Мекемелерден техникалық және кәсіптік сала мамандарына сұраныс көп түскен.  Атап айтқанда,  автомобиль жөндеу –дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлер секілді мамандық иелері сұранысқа ие.

Жалпы, кәсіптік оқыту мерзімі 3 ай. Ай сайын  20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің  мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.

Айта кету керек, Шымкентте биыл жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Биыл Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  бойынша 23 420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңға Ұлттық жобалар мен жеке бастама негізінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.  Жыл соңынан дейін жалпы  57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделіп, бүгінгі таңға 22 мыңнан астам азамат қамтылған.

Кәсіпкерлікті дамыту  ұлттық жобасында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биылғы жылдың 6 айында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Алдыңғы пост
Үкімет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкіміне бірқатар міндет қойды
Келесі пост
Үкімет отырысында президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu