320
Шымкентте жас келіншек өзімен бірге тұратын 31 жастағы ер адамды пышақтап өлтірді. Оқиға 24 сәуірде жанжал кезінде болған. Ашуға булыққан әйел ас үй пышағын еркектің кеуде аумағына сұғып алған. Ер адам сол жерде көз жұмды.
29 жастағы әйел бұл туралы полицияға 25 сәуірде өзі хабарлаған. Қанды оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді.
Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.