Шымкентте 3 мыңнан астам азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді

400

Арнаулы әлеуметтік қызметтер  психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйелері бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.

Бұл бағытта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс істейді. Бүгінде орталықтарда 1 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Жыл басынан бері 3065 адам оңалту шараларымен қамтылған.  Әлеуметтік қызметкерлер 936 азаматқа  қызмет түрлерін үйлеріне барып көрсетеді.

Мамандар ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсету мақсатында 8 бағытта қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, педагогикалық, психологиялық, еңбек, экономикалық, мәдениет және әлеуметтік-құқықтық қызметтері бар. Оның ішінде үйде қызмет көрсету жағдайында ерекше балалардың денсаулығына қарай төсектен тұру, киіну, жуыну, тамақ ішу мәдениеті, серуенге шығу, сабағын дайындау секілді қызметтерді көрсетіп, қоғамға бейімдейді.

Сала мамандарына артылған талап пен міндет те жоғары. 1 шілдеден бастап күшіне енген әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға  әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі ұсынылуда. Осы мақсатта 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалды. Онда мамандардың біліктілігі, көрсететін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат енгізіледі. Бұл қызметті тұтынушыларға бәсекелестік ортадағы әлеуметтік қызметкерлерді таңдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз кәсіби біліктілікті бағалау жүйесінен өткен, сертификатталған мамандар ғана жіберіледі.

Соынмен қатар, Шымкентте 9,5 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларды қолдау мақсатында көрсетіледі. Бұл жәрдемді былтыр 1 тоқсанда қалада 11 988 отбасы алған болатын. Отбасылық табыстың артуы, тұрғындардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы және жеке кәсіптерін ашуына байланысты биыл көмек алушылар  21,3 пайызға төмендеп отыр. 6-жасқа дейінгі балаларға берілетін  кепілдендірілген әлеуметтік топтама биылдан бастап  монетизацияланды. Әр бүлдіршінге ақшалай  5 175 теңге төленеді. Биыл 2-тоқсанда  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-пайызы, яғни 31 908 теңге кедейшілік  шегі деп белгіленген.

Алдыңғы пост
Ынтымақ шағынауданындағы №54 мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Келесі пост
“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының 1-ші кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu