Шымкентте 35 субұрқақ жұмыс істеп тұр

Теги: , ,
302

Шымкентте жазғы маусым басталғалы қаладағы демалыс орындарында  35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп  көркін ашады, сонымен қатар ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады.

Әкімдік мәліметінше, шаһар ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, «Имран» сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді.
Ал «Асар» шағынауданындағы әуенді субұрқақтар, «Нұрсәт» аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда.

Бұған бұған дейін әлеуметтік желілерде қала тұрғындары шаһардағы демалыс орындарындағы субұрқақтар істемей тұрғанын айтып, шағым қалдырған болатын. Жауапты мамандар бұл сынға дер кезінде жауап қатты.

Еске салсақ, жақында ғана Шымкентте тағы бір демалыс аумағы пайдалануға берілді. Қала күні мерекесіне орай шаһарда жастардың сұранысы бойынша скейт парк ашылды. Экстремалды спорт түрлеріне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуына қала басшысы Мұрат Әйтенов қатысты.

“Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынды. Өскелең ұрпақтың өтінішін ескеріп, жаңа нысанды қала күніне орай пайдалануға бердік. Біз қашан да осындай ерекше жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз” – деді М. Дүйсенбекұлы.

Скейт элементтері бар алғашқы алаңда жастар скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында орналасқан, онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы және әткеншектері бар тыныш аймақ та бар. Заманауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналады.

Алдыңғы пост
Прокуратура: Түркістан облысында 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды
Келесі пост
Қазақстанда бас киімге деген сұраныс артқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu