Шымкентте 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

263

Шымкентте 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімі М.Әйтеновтің қаулысына сәйкес, бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген. Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданды.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту ісінде «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үлесі орасан. Орталық мамандары ерекше азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қызмет көрсетеді.

Құрмантай Тұрысбек «Тең қоғам» орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі. 21 жастағы жігіт 3-ші топ мүгедегі. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ол қаладағы  №10-шы жалпы орта білім беру мектебіне жұмысшы болып орналасқан.

Мектеп ауласында гүлдерді суғарып, көгалдандырумен айналысамын. Колледжде ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алғандықтан қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымы да өте ұйымшыл, мейірімді. Жұмысқа орналасуға көмек берген мамандарға алғысымды білдіремін,-дейді Құрмантай Тұрысбек.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, ақпараттық-консультациялық көмектер, құқықтық және психологиялық кеңестер береді. Инватакси және әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдерді қабылдайды.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Олар әлеуметтік жұмыс орындары, атап айтқанда жастар практикасы, қоғамдық және алғашқы жұмыс орны, «Күміс жас» жобасымен орналасты. Сонымен қатар 737 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданып, 35 азамат жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант бойынша комиссияның қорытындысымен оң шешім алған.

Айта кетейік, «Тең қоғам» орталықтары Қазақстанның бірнеше қаласында ашылған. Аталмыш орталық жұмыс тауып беруден бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін құқықтық, қаржылық, психологиялық кеңес береді. Сонымен қатар, ерекше жандар үшін тренингтер, семинарлар, вебинарлар, экскурсияларда ұйымдастырылады.

Тең қоғам бағдарламасы Қазақстандағы 2025 жылға дейін мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар аясында қолға алынған болатын.

Алдыңғы пост
«Тіл туралы» заң талаптары сақталу үшін қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде
Келесі пост
А. Балаева: Қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу – басты назарда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu