Лицензиясыз бала оқытып келген 32 мектепке айыппұл салынды

179

Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарына мониторинг жасап, 40 мектептің лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады.Оның ішінде 30 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп бар.

Лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің дені Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Маңғыстау облыстарында. 32 мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалып, лицензиясыз қызмет үшін айыппұл салынды.  Оның 23-і мемлекеттік, 9-ы жекеменшік мектеп.

«Лицензияның жоқтығы мектептің сәйкестік тексеруінен өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттар тапсырмағанын білдіреді. 10-нан аса мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және төтенше жағдай актілері жоқ. Бұл балалардың денсаулығы мен жайлылығына қауіп тудыруы мүмкін.14 мектепте материалдық-техникалық база білім берудің заманауи талаптарына сай келмейді. Білім беру инфрақұрылымы, білікті педагогикалық кадрлармен толық жабдықталмаған, ұйымдастыру жұмыстары да дұрыс жолға қойылмаған бұл білім беру сапасын кері әсерін тигізеді», – деді комитеттің рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова.

Айта кетейік, лицензиясы жоқ мектептер білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін барлық мектептерге қатысты әкімшілік істер қозғалды. Бүгінгі таңда аумақтық департаменттерге лицензиясы жоқ мектептерге қатысты тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, өңірлердің әкімдіктеріне тиісті хаттар жолданды.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында 5 сынып оқушысының анасы ұлы зорланғанын айтты
Келесі пост
Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы 926 көпқабатты тұрғын үйдің 40% – ы ескірген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu