Жазғы уақытта романтикалық кеш өткізу үшін, жақындарыңызбен көңілді кеш өткізу үшін пикникке шығу ең қолайлысы. Тіпті, достарыңызбен дастархан жайып, салқын сусындарды ішу кез-келген жанды жадырататыны сөзсіз. Ал бізден сізге бес кеңес. Яғни, мұндай әдемі кештерді өткізуге арналған бес орынды ұсынамыз.
Абай Саябағы
Саябақ қала орталығында орналасқан. Сондықтан оған жету қиын емес. Қаласаңыз көлікпен, немесе қоғамдық автобуспен жете аласыз. Саябақтың аумағы үлкен болғандықтан, кез-келген жеріне көрпеңізді жайып, тәттілер себетін шашып жіберіп отыра аласыз. Айта кету керек, бірақ саябақ аумағында жақын жерде дүкендер жоқ. Сондықтан, түскі немесе кешкі асты алдын-ала қамдап алу керек.
Металлург саябағы
Бұл саябақ 1 мамыр ауданында орналасқан. Жасыл желек, аңқыған гүлдер, жаныңа жылу сыйлайтын субұрқақта осында. Бірақ қалалық қарбалас тірлігінен, жағымсыз даауыстан қашып құтыла алмайсыз. Өйткені, саябақ аумағы кһліктер жүретін жолдармен шектелген. Қалай құтылам десеңізде, көліктің гүрілі, дабылдың даусы құлағыңызда ойнайды. Десе де мұнда тынстап, пикник ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Көбірнесе бұл саябаққа осы жерге жақын тұратын тұрғындар келеді.
Дендросаябақ
Дендросаяқбақта күнделікті пикник ұйымдастырылып тұрады. Тіпті қалалықтардың тең жартысы осында келетіні сөзсіз. Өйткені, шымкенттіктерден бұрын, сырттан келпген қонақтарға да танымал. Бұл аумақтан жасыл-желекті,сан түрлі ағаштардың түрін көруге болады. Айнала жап-жасыл болған соң, салқын, таза ауада тыныстауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, достарыңызбен көңіл көтеріп, у-шу болып отырсаңызда, ешкімнің қытығына тие алмайсыз.
Жеңіс Саябағы
Жеңіс саябағы да пикник ұйым дастыруға, жақындарыңызмен әңгіме дүкен құруға жеткілікті жер. Алайда, саябақтың аумағы кішакентай болғандықтан, арқаны кеңге салып, демала алмайсыз. Дегенмен, саябақтың жан-жағы кофеханалар мен дүкендер толы. Сосндықтан, с ізге ас-суыңызды арқалап жүрудің қажеті жоқ.
Біркөлік
Ал егер сізде уақытыңыз мен астыңызда жүріп тұрғын көлігіңіз болса, қаланың шетіне шығып демалғанға не жетсін. Ондай жағдайда Біркөлікке барыңыз. Біркөлік шатқалы Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Егер сіз жұмыс күндері баратын болсаңыз, ол жерде адам қараасы аз болады. Ал егер, демалыс күндері ат басын бұратын болсаңыз, демалушылардың саны әлдеқайда көп болм ақ. Бірақ, бұл жерде сіз өзеннің сарқыраған дауысы мен құстардың даусынан демалып, миыңыз тынығып қайтады.
Алайда, пикникке келгенде, мінез-құлық ережелері туралы ұмытпаңыз және қоқыс пен қалдықтарды тазалаңыз. Тек тазалықты сақтай отырып, сіз қалаға және үшінші мегаполистің игілігі үшін жұмыс істейтін адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсете аласыз.