Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы мемлекеттік көмек алды

151

Президент тапсырмасына сәйкес, әрбір зардап шеккен азаматқа тиісті көмек беріледі. Және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.

“Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет”,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесуінде.

Осыған байланысты, су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 мың 577 өтініш түскен. Оның ішінде 5 мың 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 мың 200 теңге көлемінде 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды.

Алдыңғы пост
Бишімбаев пен Нүкенованың үйі қанға боялған
Келесі пост
Судья Айжан Құлбаеваны қорқытып жүрген кім?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu