“Шымкент сити” шағын ауданы мен Сырым батыр көшесін қамтитын Өтегенов көшесінің бірінші кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуда.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қиыршық тасты төсеу, суару жүйелерін жүргізу, тротуарды орнату жұмыстары толығымен аяқталды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жеделдетуді және көшені кесте бойынша – желтоқсан айында тапсыруды тапсырды.
Өтегенов көшесін жалғастыру құрылысының екінші кезеңіне Сырым батыр және Төлеметов көшелері кіреді. Қазір жол негізі салынуда, асфальт төселуде, тротуарлар мен арықтар орнатылуда.
Қала аумағына кіреберістердің жалпы ұзындығы 3247,6 км құрайды, оның ішінде қаланың 2066,1 км магистральдық және орамішілік көшелері асфальтталған, бұл 63,6% құрайды. 1024 км жол, яғни 31,5% % – қиыршық тас төселген көшелер.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қала аумағында жол-құрылыс жұмыстары 287,8 км жүргізілді. 2023 жылы 256,8 км жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі өткен жылы 67,4% құрады. 2023 жылы оны 71,2% – ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Магистральдық көшелер мен орамішілік жолдарға орташа жөндеу 152 нысанда немесе ұзындығы 256,3 км 294 көшеде жүргізілді.
Сондай-ақ, биыл шағын аудандарда және жол қозғалысы қарқынды тұрғын алаптарында 15 қосымша бағдаршам орнату жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 100 көшенің қиылысында 877 бейнекамера орнатылды, 200 көшенің бойында жол қозғалысы ережелерін бұзатын автомобильдерді Автоматты тіркейтін 800 бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Мониторинг жүйелері жолдардағы қауіпсіздікті күшейтеді және апаттылықтың төмендеуіне ықпал етеді.
Барлық бұзушылықтар полиция департаментінде орналасқан Жедел басқару орталығынан бақыланады.
Ағымдағы жылы үшінші мегаполис аумағында шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қажетті аймақтарда 800 метрге жасанды жол тосқауылдары орнатылатын болады.
Айта кету керек, жасанды жол кедергілері емхана, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар мекемелердің аумағында орнатылады.