“Хезболла” тобының пейджерлері жарылды: 4 мыңнан астам адам зардап шекті

309

Израиль барлау қызметі Хезболланың мыңдаған пейджерлеріне нұқсан келтірді. Салдарынан, 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам адам зардап шекті.

The Wall Street Journal ақпаратына сәйкес, “Хезболла” мүшелері бұл пейджерлерді жақында ғана алған екен. Ал топ өкілі пейджерлерде вирус болып, соның салдарынан құрылғылар қызып жарылуы мүмкін деп топшылады.

Айта кетейік, “Хезболла” Израильдың арнайы қызметтері тыңдамас үшін смартфондарды қолданудан бас тартқан болатын.

Зардап шеккендердің 400-і ауыр жағдайда.

The Wall Street Journal “Хезболланың” кейбір мүшелері өздерінің пейджерлері батареямен жабдықталған соң, қызып жарылған деп отыр.

“Хезболла” – Иран қолдайтын Ливандағы ірі топ. Қазір бұл ұйым Израиль мен ХАМАС тобы (АҚШ пен ЕО террорлық ұйым деп таныған) арасындағы соғыста ХАМАС-ты жақтайды.

Алдыңғы пост
32 млн теңге: Шымкенттік балалардың суретін пайдаланып, алаяқтық жасады
Келесі пост
Орта жастағы әйел теміржол вокзалында бұзақылық жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu