Шымкентте ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді

283

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы үшінші мегаполистегі жалпы халық саны 1 164 934 адамды құрады, 2021 жылы – 1 120 394 адам, 44 540 адамға өсті.

“2022 жылы ана өлімінің деңгейі тұрғылықты жері бойынша 2,71  есе төмендеді. Нәресте  өлімі бойынша 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша көрсеткіш, сегіз пайызға төмендеді. Көбінесе бір жасқа дейінгі балалардың шетінеуіне перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар себеп болады-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте төрт босандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:

III деңгей-1 (қалалық перинаталдық орталық),

II деңгей-2 (Қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухананың перзентхана бөлімі).

I деңгей-1 (№3 қалалық аурухананың перзентхана бөлімі).

Сондай-ақ, қала бойынша 39 “отбасын жоспарлау” кабинеті, 39 “жас аналар мектебі” кабинеті жұмыс істейді, әрқайсысында жауапты медицина қызметкері бар. Бұл бөлімдер, заманауи жаюдықталған. Және барлық өажетті заттармен қамтылған. Сонымен қатар, бейнероликтерді көрсетуге арналған теледидармен жабдықталған. Әлеуметтік қызметкерлермен, психологтармен, жалпы практика дәрігерлерімен, терапевт, педиатрлармен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Осы орайда, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша бедеулік бойынша 600 жұп есепте тұр.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдай алады. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан. Олар – «Экомед-Шымкент» ЖШС, «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС.

ЭКҰ-ға дайындық жүргізетін қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілді. Онда 2018 жылдан бастап «Бедеулік мәселелері жөніндегі кабинет» жұмыс істейді. Сондай-ақ, квоталарға кезек ұсынудың ашықтығын және пациенттерді клиникаларға уақтылы жіберуді бақылауды қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу мақсатында өңірлік комиссия құрылған.

2022 жылы  Шымкент қаласына «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 413 квота бөлінді. Әзірге 340 квота пайдаланылған. Ал, биыл 429 квота бөлініп отыр.  Сондай-ақ,  экоға бұрын жүгінбеген және жеке медициналық орталықтарда бақылауда болған бедеулігі бар пациенттер анықталуда.

Шымкент қаласы бойынша статистикалық мәліметтер:

2022 жылы ерлер саны 565 782 (49%), 2021 жылы – 542 441 (48%) құрады, 23341 адамға артты.

2022 жылы әйелдер саны – 599 152 (51%), 2021 жылы – 577 953 (52%) құрады, 21 119 адамға артты.

2022 жылы 0-14 жас аралығындағы балалар саны – 394299, 2021 жылы – 381 148 құрады, 13 151 адамға артты.

2022 жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны -61959, 2021 жылы – 55835 құрады, 6124 адамға көбейді.

18 жастан асқан халық саны 2022 жылы – 708 676, 2021 жылы – 685 245 құрады, 23 431 адамға артты.

Алдыңғы пост
Шымкенттің санитарлық дәрігері тамақтан улануды алмау жолын айтты
Келесі пост
Бизнеске көмек: үшінші мегаполисте Мемлекеттік бағдарламалар қалай іске асырылуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu