Шымкенттік өрт сөндірушілер ірі сауда орны мен қоймадағы қызыл жалынды сөндірді.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, “103” диспетчерлік қызметіне Төле би көшесіндегі өрт туралы хабарлама бүгін, 17 шілдеде сағат 15.24-те келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 2 қабатты “Темірлан” техникалық тауарлар дүкеніндегі 150 шаршы метр аумақты, сонымен қатар оған жапсарлас 650 шаршы метр аумақты алып жатқан қойманың отқа оранғанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метрді аумақты қамтыған.
Өртті сөндіруге департаменттің 120 өрт сөндірушісі мен 17 техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 17.38-де толықтай сөндірілді.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Айта кетейік, оқиға орнынан 5 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды.