Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың нұсқауына сәйкес Шымкент қаласының аумағында “зорлық-зомбылықсыз 16 күн”республикалық акциясы басталды.
Іс-шараның басты мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ халықты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.
Іс-шара шеңберінде халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беретін адамдарды анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тарапынан тұрмыс саласындағы қылмыстарға жол бермеу жоспарланған.
Аталған акция аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып өткізіледі.
Сондай-ақ, іс-шараға Сенім телефондары жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары қатысады, олар бойынша консультативтік-құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Сонымен, не істеу керек егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз:
Ең алдымен, дереу полицияға “102”нөмірі бойынша хабарласыңыз;
құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлерінен зорлық-зомбылық жасалған жерге келуін талап етіңіз; дене жарақатын алған жағдайда “103”нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз.
полиция қызметкерлерінен сот-медициналық куәландырудан өту үшін жолдау.
Сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі және құқық қорғау органдарының, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондары ұсынылады.
Сондай-ақ, баратын жеріңіз болмаса, Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Жәбірленушілер орталықтарда 6 айға дейін тұрып, психологиялық көмек ала алады.
Дағдарыс орталықтарына нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +77754351518, 87252 273479, 8(7252)551200, 8(7252)551300, 8(7252)377539.