Жетісайлық әккі ұры 20 үйге ұрлыққа түскен

Теги: , ,
177

Жетісайлық тұрғын бөтеннің үйлеріне ұрлыққа түсуді кәдімгі кәсіпке айналдырып алған. Қазіргі таңда оның 20 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.

Әккі ұрыны шымкенттік полицейлер қолға түсірді.

2 130 000 теңгенің әшекей бұйымдарын жоғалтқан қала тұрғыны мегаполистің тәртіп сақшыларына жүгінген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзі жоқ кезде үйінен алтын бұйымдар әлдекім ұрлап кеткен.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері ұрыны анықтап, оны Ақмола облысында ұстады.  Бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Жетісай қаласының тұрғыны Шымкент пен Түркістан облысындағы пәтер ұрлығының жиырма дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол бір ғана мегаполистегі  Еңбекші ауданында 8 үйге ұрлыққа түсіп, үй иелеріне 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

“Ер адам тұрғын үйге есіктерді немесе терезелерді бұзу арқылы кірген. Көбінесе зергерлік бұйымдар, қолма-қол ақша мен ноутбуктарды ұрлауға әуестенген. Сонымен қатар тәжірибелі ұры тапқан олжаларын тек базарларға ғана өткізген” деп хабарлады полициядан.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент тұрғыны Сириядағы діндестерімен байланысып, терроризмді насихаттаған
Келесі пост
«18-қабаттан құлаған». Кореяда жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu