Шымкентте кәсіптік оқыту науқаны басталмақ

572

Биыл мамыр айынан бастап, азаматтар кәсіптік оқытуға жіберіледі. Бұл ретте жұмыспен қамту орталығы заман талабына сай мына мамандықтар бойынша оқытуға шақырады: Аспаз, кондитер, визажист, шаштараз, маникюр шебері, электрші, дәнекерлеуші, автоэлектрші, автокраншы, сантехник ағаш ұстасы және жиһаз өндірісінің шебері және т.б.

Айта кетсек, студенттер бұл бағдарламаға қатыстырылмайды. Оқу топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Оқу курстары офлайн түрінде аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүзеге асырылады.

Қатысушыларға ай сайын 20 984 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады.

Көбінесе мүмкіндігі шектеулі адамдар жабық өмір салтын ұстануға мәжбүр болады, өйткені олар үйден шыға алмайды, көмексіз қозғала алмайды. Алайда, кез-келген жағдайда, мұндай адамдарға денсаулықты да, әлеуметтенуді де жақсы сезінуге көмектесу үшін белгілі бір шаралар қолдануға болады. Бұл шаралар “мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы” (ОЖБ) деп аталатын құжатта бекітілген. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі азаматтар дәргерлердің рұқсат қағазымен білім алуына мүмкіндік бар. Яғни оларға жұмысқа жарамды, еңбек ете алады деген анықтамасы қажет.

Шымкент  қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін 30-дан астам мамандықтардың тізбесі бекітілді.

Оқуды аяқтаған азаматтарға біліктілік куәліктері табыс етіледі. Осы құжат бойынша азамат мемлекеттік грантқа және микрокредитке жылдық мөлшерлемесі  6% – дан аспайтын несие беріледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, қажетті құжаттарды тапсыруы керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда,

4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 075 бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

5) Jusan Bank жинақ нөмірі көрсетілген шот

Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: «Нұрсәт»м/а, С.Бәйтереков көшесі 89.1 қабат.

Ескерту: Биыл кәсіптік оқудан өткен және ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде куәлік алған азаматтар өтеусіз мемлекеттік грантқа өтінім бере алмайды.

Оқуды басталуы бойынша нақты ақпараттарды ,нақты мерзімдері туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қосымша хабарлайды.

Айта кету керек, өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданған. Қысқа мерзімді оқытудан кейін 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Алдыңғы пост
Шымкент жастарының қайсысы бес миллион теңге ала алады?
Келесі пост
Игерілмеген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu