Шымкентте медицина саласының ардагерлер кеңесі құрылмақ

402

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков медицина саласының дамуына үлес қосқан ардагерлермен кездесті. Басқарма басшысы алдыңғы толқынның тәжірибесінен ақыл-кеңес сұрап, ой-пікірлерін бөлісті, аталған салада атқарылып жатқан оңды өзгерістерден де хабардар етті.

“Сіздермен кездесу біз үшін маңызды. Еңбектеріңізді ерекше құрмет тұтамын! Қалада денсаулық сақтау саласын жақсартуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жеке меншік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде. 2022  жылы балалар үшін онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелер ашылды. Жыл соңына дейін ерекше балаларға арналған ерте араласу және дамыту орталығын, офтальмология бөлімшесін ашу жоспарланды. Биыл ересектер үшін эндокринология, онкогематология, нейрохирургия бөлімшелер ашылды. Жыл соңына дейін қосымша эндокринология, гастро-гепатологиялық және дермато-венерологиялық бөлімшелерін ашу жоспарланды”-деді Нұрлыбек Асылбеков.

Денсаулық сақтау саласының ардагерлері өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселені ортаға салды. Одан соғ басқарма басшысының есебіне оң баға беріп, қызметіне табыс тіледі.

“Халық денсаулығы басты байлығымыз. Басқармаға жүктелген міндет ауыр. Жұмыстың табысты болуына тілектеспіз. Біз сияқты ардагерлердің басын қосып, жұмысты талқылағаныңа ерекше алғыс білдереміз”-деді ардагерлер.

Осы жиын негізінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанынан ардагерлер кеңесі құрылатын болды.

Керек ақпар: Шымкентте медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында инвесторлар есебінен 13 жаңа денсаулық сақтау ұйымдары ашылып, 207 мың қала тұрғыны медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы бастаманы іске асыру үшін балалар клиникалық ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелері ашылды.

Қазір қалада 334 бала динамикалық бақылауға алынған. Оның ішінде «Орфандық» аурулары бар 36 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Балаларды оңалту орталықтарында пациентке бағытталған агротерапия, арт-терапия, қолмен қолданбалы өнерге үйрету әдістері енгізілді.

Жыл басынан бері шетелдік мамандарды тарта отырып 10 дәрігерлерге арналған мастер-класс ұйымдастырылған. Осы оқу барысында 50 дәрігер акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматолог, педиатр, акушерлер «Тиімді перинаталдық күтім технологиясын енгізу» тақырыбында білімін жетілдірді.

2020 жылдан бастап медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қарқынды жүзеге асып, қазіргі таңда медициналық техникамен жарақтандыру көрсеткіші 77,3%-ға қол жеткізілді.

Алдыңғы пост
Алматы облысында  екі көлік соқтығысып, 4 адам мерт болды
Келесі пост
Шымкентте миы өлгеннен кейін ер адам 5 адамды құтқарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu