«Ыстық, қатты жел». Шымкентте тағы да ескерту жарияланды

Теги: , , ,
176

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Шымкент қаласында 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала аумағында 28-30 шілде аралығында жоғары өрт қауіпті жағдай сақталатынын хабарлады. Сондықта тұрғындарға өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді:

– ешқандай жағдайда құрғақ шөпті өртемеңіз;

– саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған жерлерде жағыңыз;

– желді және қатты ысыған ауа райы кезінде қоқыс жағуға, от жағуға тыйым салынады;

– шымтезек топырақтарында және ағаш ғимараттардың жанында от жағуға болмайды. Есіңізде болсын, от жағу үшін қауіпсіз қашықтық 50 метр болып саналады.

– балаларға сіріңкемен ойнауға, оларға шөпті жағуға жол бермеңіз.

Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, қоқысты өртегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Алдыңғы пост
Шымкентте аптап ыстыққа шыдай алмаған ер адам көшеде жалаңаш шомылған
Келесі пост
Тергеу кезінде екі ауыл тұрғынын ұрып-соққан полицейлерге сот үкімі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu