Шымкентте әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

186

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Ғалымжан Маханбетовтың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесі өткізілді.  Онда әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс жөніндегі жұмыстардың жай-күйі талқыланды.

Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстың 14-тен 5-ке дейін төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайдың оң динамиканы көрсетуіне, сондай-ақ жекелеген әскери органдардың құқықтық және әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігіне аударды.

Отырыс барысында азаматтарды мерзім әскери қызметке шақыруды, жұмылдыру және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бөлек талқыланып, жергілікті әскери басқару органдарының басшылығына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге орын алған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын әзірлеуге нұсқау берілді.

Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, келесі өткізілетін кеңестің күні белгіленді. Айта кетейік, Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өтті. Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Қоғам дегеніміз – адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы

Алдыңғы пост
Кентауда мектеп оқушылары жаппай төбелесіп, бір бала ауруханаға түсті
Келесі пост
Зияткер ұлт тәрбиелеу — маңызды міндет

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu