Шымкентте соңғы 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есеге артқан

390

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. М. Дүйсенбекұлы республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда атқарылған жұмыстарды, барлық саладағы көрсеткіштерді баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап беруде. Ол, соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жеткенін мәлімдеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58  мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд. теңгеден 613 млрд.теңгеге жетті.

Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі  22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр.

Бұдан бөлек, қала әкімі  Шымкентте өндірістік алаңдар саны артқанын жеткізді. Бүгінде қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 337 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты жаңадан 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аумағын құру жұмыстары жүргізілуде.  Бұл аумақтарда 400 млрд.теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орындары құрылатын болады.

Жаңадан құрылатын аумақтардың 2-уі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, қалғаны жаңадан құрылатын алаңдар. 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып,  50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асады. Аталған аймақта инвестициялық құны 147 млрд. теңге құрайтын 42 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде  21 жобаға  23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.

Алдыңғы пост
Шымкентте әрбір 15 минут сайын сәби дүниеге келеді
Келесі пост
Шымкентте «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жоба қолдау тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu