153
Бүгіннен бастап елімізде вейптер мен шекпейтін темекі өнімдерін сатуға және жарнамалауға тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді.
Қылмыстық кодекске әдеттегі шылым секілді шекпейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін 301-1 бап енгізілді.
Сату және таратқаны үшін – 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, не болмаса 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 50 тәулікке дейінгі қамауға алуға жазаланады. Импорттау және өндіргені үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе 2000 АЕК көлемінде айыппұл салумен жазаланады.