Шымкентте талай жылдан бері жөндеу көрмеген балабақшалар заманауи талапқа сай жабдықталуда

157

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын қала аумағындағы білім ошақтарының дайындығы басты назарға алынуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақшалардың құрылысын тексерді.

«Қарасу» шағын ауданындағы «№99 Гүлдер бөбекжайы қаладағы ең байырғы білім ошақтарының бірі. 1984 жылы салынған орталыққа биыл күрделі жөндеу жүргізілді.  Екі қабатты ғимаратта 410 тәрбиеші қабылданған. Заманауи талапқа сай жабдықталатын балабақшада құрылыс 5 ай жалғасады.Жобада қаралған жұмыстардың орындалған көлемі 50%-ды құрайды. Мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қазан айында аяқталып пайдалануға беріледі.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының қатарында №3 бөбекжай-бақшасы да бар. Айбергенов көшесінде орналасқан орталықта тәрбиеленушілер саны 130.  Екі қабатты ғимараттың құрылысы наурыз айында басталған болатын. Жұмыстар өндірістік кестеге сай қыркүйекте аяқталып, пайдалануға беріледі.  Орындалған жұмыстардың көлемі 60%.

Осыған дейінгі аралаулар кезінде М.Дүйсенбекұлы аталған балабақшадардың құрылысымен танысып, нысандарды жабдықтауда нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Әкім тапсырмасына сәйкес, мердігерлер тарапынан жұмыс қарқыны күшейтіліп, балалар қауіпсіздігі ескерілуде. М.Дүйсенбекұлының  орталықтардың    озық үлгіде жасақтау бойынша берген тапсырмалары да бүгінде орындалуда. Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, балабақшаларды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

Бұдан бөлек, Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда

Осы ретте, қала әкімі әрбір салынып жатқан мекеменің  құрлысына жіті мән беруді тапсырды.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” – деді қала әкімі.

Сондай-ақ халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті.  Басқарма басшыларына  құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Алдыңғы пост
Штаб отырысында 8 жоба мақұлданды
Келесі пост
«Оңалту орталығының» күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu